RU

Қарағанды маңындағы әскери ұшақтың апатқа ұшырауына себеп болуы мүмкін нұсқалар аталды

Қорғаныс министрлігі Қарағанды маңында МИГ-31 ұшағының апатына себеп болуы мүмкін үш нұсқаны қарастырып жатқанын айтты. Сондай-ақ, әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы асығыс қорытынды жасамауды, комиссия тергеуін күтуді сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қарағанды маңындағы әскери ұшақтың апатқа ұшырауына себеп болуы мүмкін нұсқалар аталды
Фото: instagram.com/ekaraganda.kz видеосынан кадр: UGC

Нұрлан Орманбетов БАҚ-тан апаттың болжамды себептері туралы ақпарат көргенін хабарлады.

Ол тергеу нәтижелерінен бұрын қорытынды жасау дұрыс емес деген ойда.

Қазіргі таңда әуе апатының салдарын арнайы комиссия анықтап жатыр. Ол апаттың үш нұсқасын қарастыруда.

Олар - ұшу кезінде техникада ақаудың пайда болуы және сыртқы немесе адами факторлар.

Сонымен қатар Орманбетов борттағы екі адамнан тұратын экипаждың өздерін сенімді ұстағанын, соңына дейін күрескенін айтты.

"Көрініп тұр, әуе техникасы істен шыққан себепті осындай апат болған. Осы орайда комиссияның ресми қорытындысын күтулеріңізді сұраймын", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 16 сәуірде Қарағанды облысында ішінде екі ұшқышы бар МИГ - 31 ұшағы апатқа ұшырады. Бүгін қорғаныс министрлігі оқиғаның мән-жайын айтты.

Ведомство мәліметінше, ұшқыштарға алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, олар Қарағанды қаласының ауруханасына жеткізілген. Олардың бірінің жағдайы қанағаттанарлық, бірінікі орташа ауыр деп бағалауда.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851289-karagandy-mayndagy-skeri-sakty-apatka-syrauyna-sebep-boluy-mmkin-nskalar-ataldy/