Алматыда коронавирус инфекциясы 234 дәрігерден анықталған
Опубликовано:
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мегаполисте 234 дәрігер коронавирус инфекциясын жұқтырғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Оның айтуынша, бүгін оңтүстік астанада COVID-19 вирусы 63 адамнан анықталған.
"Жаңадан вирус жұқтырған науқастар ішінде Орталық қалалық клиникалық аурухананың 10 медицина қызметкері, медициналық жедел жәрдем қызметінің бір жұмысшысы, №7 қалалық клиникалық аурухананың 2 қызметкері, №12 қалалық емхананың 2 қызметкері, Алматы көпбейіндік клиникалық ауруханасының екі қызметкері бар", - деді ол.
Әбілдаевтың айтуынша, COVID-19 диагнозы расталған медицина қызметкерлерінің жалпы саны 234 адамға жеткен.
Оның ішінде орталық қалалық аурухананың 193, қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының 31, №7 қалалық клиникалық аурухананың 2, медициналық жедел жәрдем қызметінің 3, №12 қалалық емхананың 3 медицина қызметкері және №11 мен №32 қалалық емханалардың бір-бір қызметкері бар.
Соңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 1480-ге жетті. Оның 461-і Алматы қаласында тіркелген.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851343-almatyda-koronavirus-infekciasy-234-drigerden-anyktalgan/