Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл мектеп оқушыларына соңғы қоңырау бола ма: Министрлік жауап берді

Опубликовано:

Білім және ғылым министрлігінің өкілі осы жылы мектепте соңғы қоңырау шарасы болмайтынын мәлім етті. Билік мұндай шешімге коронавирус пандемиясына байланысты келген деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: PxHere.com
Көрнекі фото: PxHere.com: Depositphotos

Бұл туралы білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Каринова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты.

"Биыл қорытынды аттестаттау болмайды. Бұған дейін 9-сыныпта төрт пәннен, 11-сыныпта 5 пәннен емтихан жұмысын өткізу қарастырылған болатын. Сондықтан, бұл қорытынды аттестаттау жүргізілмейді. Барлық пәндер бойынша жылдық қорытындылар негізінде аттестат тапсырылады", - деді ол.

Осы орайда Шолпан Каринова биыл еліміздегі мектептерде соңғы қоңырау соғылмайтынын атап өтті.

"Соңғы қоңырау - оқу жылы аяқталған соң өткізілетін салтанатты іс-шара. Оған мектеп ұжымы мен оқушылар қатысады. Жағдай өзгермесе, қашықтан оқыту кезінде мұндай іс-шара болмайды", - деді вице-министр.

Еске сала кетсек, бұған дейін білім министрі оқу жылын шілдеге дейін ұзартудың неліктен мүмкін емес екенін түсіндірген болатын.

Айта кетейік, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқу ордаларының басшыларына мұғалімдерден қашықтан оқыту кезінде фото және видео түріндегі есепті талап етпеуді тапсырған еді.

Одан өзге, білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Кәрінова телеарнада сабақтар не себепті 10 минуттан аспайтынын түсіндіріп берген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851403-biyl-mektep-okusylaryna-sogy-koyrau-bola-ma-ministrlik-zauap-berdi/

pixel