Айзат Молдағасымова Алматы бас санитар дәрігері қызметінен кетті

Опубликовано:

Айзат Молдағасымова Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы - Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері қызметінен кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Айзат Молдағасымова. Фото: Алматы әкімдігі
Айзат Молдағасымова. Фото: Алматы әкімдігі: Depositphotos

Оңтүстік астананың бұрынғы бас санитар дәрігері бұл қызметке өткен жылдың мамыр айында тағайындалған болатын.

Жақында оған қатысты бірқатар даулы оқиға орын алған болатын. Біріншіден, оның коронавирус пандемиясы кезінде Франкруттан ұшып келгені қоғамда шу тудырды.

10 наурыз күні шенеунік бортында коронавирус жұқтырған жолаушысы бар рейспен ұшып келген. Алайда, елге оралған кезде оны карантиндік стационарға жатқызған жоқ. Бұл жағдай қоғамшылдардың ашуын тудырды. Олар өзге адамдар денсаулығына зиян келуі мүмкін болғанын алға тартып, оңтүстік астана әкіміне қаланың бас санитар дәрігерін жұмыстан босатуын талап етті.

Айзат Молдағасымова өзіне тағылған айыптаулармен мүлдем келіскен жоқ.

Екіншіден, жақында 30-дан астам алматылық дәрігер мемлекеттік қызметкерді сотқа беріп жатқаны белгілі болды.

Бұл оқиға медицина қызметкерлерінің жаппай коронавирус жұқтыруынан кейін орын алды. 180-нен астам дәрігердің сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Олардың көбісі орталық қалалық клиникалық аурухана қызметкерлері болып шықты.

Алматының бас санитар дәрігері ақ халаттылардың коронавирус жұқтыруына қатысты пікір білдіріп, медициналық ұжым бұл жағдайға өздері кінәлі екенін басып айтқан болатын. Ол дәрігерлер қажетті қауіпсіздік шараларын дұрыс ұстанбағанын мәлімдеді.

Молдағасымованың бұл мәлімдемесіне шүйліккен медицина қызметкерлері сот органдарына жүгінуді жөн көрген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851557-ajzat-moldagasymova-almaty-bas-sanitar-drigeri-kyzmetinen-ketti/