Тоқаев пандемиямен күреске арналған дәрі-дәрмек жібергені үшін Үндістан үкіметіне алғыс айтты
Опубликовано:
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясымен күреске арналған дәрі-дәрмек жібергені үшін Үндістан үкіметіне және премьер-министріне алғыс білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жазды.
"Пандемиямен күреске арналған дәрі-дәрмек жібергені үшін Үндістан үкіметіне және Премьер-министр @NarendraModi мырзаға шынайы алғысымды білдіремін. Осы көмек Үндістан шетелге дәрі экспорттауды тоқтатқан кезде жіберіліп отыр. Бұл нағыз достық пен ниеттестіктің белгісі деп санаймын", - деді ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851572-tokaev-pandemiamen-kreske-arnalgan-dri-drmek-zibergeni-sin-ndistan-kimetine-algys-ajtty/