Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адам ағзасына пайдалы 11 көкөністі білесіз бе

Опубликовано:

Күнделікті ішіп-жеген асымыз ағзамызда "қалдықтарын" қалдырады. Ал оны уақытында тазартып отырмасақ, түрлі ауруларға әкеп соғуы мүмкін. Осы орайда KAZ.NUR.KZ порталы Muslim.kz басылымына сілтеме жасап ағза тазалауға таптырмас 11 көкеніс туралы ақпарат ұсынады.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

1. Миндаль.

Миндальдың құрамында қандағы қант мөлшерін қалыпта ұстауға көмектесетін кальций, магний мен ағуыздар көп. Ал оның құрамындағы май ағзадан холестеринмді шығарып, ішек жолдарының жұмысын жақсартуға көмектеседі.

2. Авокадо

Авокадо холестерин мөлшерін азайтып, қан тамырларын кеңейтеді. Құрамындағы глютатион 30 түрлі канцрогендердің жолын кеседі.

3. Қызылша

Минералдарға бай қызылша инфекциямен жақсы күреседі. Сонымен қатар қан құрамы мен бауырды тазалайды.

4. Көкжидек

Көкжидек құрамында ауыру сезімін жоятын табиғи аспирин бар.

5. Орамжапырақ

Көкеністің құрамындағы көптеген антиоксиданттар бауырға қауіпті заттардан арылуға көмектеседі. Сондай-ақ орамжапырақ ішектің қозғалыс функциясын арттырып, асқорыту жүйесін тазартады. Темекі түтінінің зиянын азайтады.

6. Мүкжидек

Ол антибиотик, әрі вирусқа қарсы дәрілердің ролін атқарады.

7. Зығыр дәні мен майы

Зығыр дәні омега үшке бай. Демек, ағзаға таптырмас тазарту құралы болып саналады. Сондай-ақ зығыр дәні мен майы ми жұмысын жақсартады.

8. Сарымсақ

Көп адам ұната бермейтін сарымсақ қауіпті бактериялар мен паразиттерді, қандағы, ішкі органдар мен тыныс жолдарындағы вирустарды жояды.

9. Бұршақ тұқымдастар

Үрмебұршақ, жасымық, ноқат, өзге де бұршақтар холестерин мөлшерін төмендетеді. Олар ішек жолдарын тазартып, қан құрамындағы қант мөлшерін қалыпқа келтіреді. Сонымен қатар ағзаны онкологиялық аурулардан қорғайды.

10. Лимон

Ол ағзадағы қышқылды-сілтілік тепе-теңдікті реттейді. Сондай-ақ, рактың алдын алып, ағзаның ластануына жол бермейді.

11. Балдырлар

Су өнімі ағзадағы ауыр металдар мен радиоактивті қалдықтарды жояды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851579-adam-agzasyna-pajdaly-11-kknisti-bilesiz-be/

pixel