Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус инфекциясын 107 жастағы әжей жеңді

Опубликовано:

Түркияның 107 жастағы тұрғыны Хавахан Карадениз коронавирус инфекциясынан жазылған әлемдегі ең қарт адамның бірі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Анадолы басылымына сілтеме жасап.

Фото: aa.com.tr
Фото: aa.com.tr: Instagram

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, бір ғасырдан астам уақыт өмір сүрген әйел адам мықты иммундық жүйесінің арқасында қауіпті дерттен бір аптаның ішінде айыққан

Хавахан Караденизді қатты жөтел қысып, дене қызуы көтерілген соң 7 сәуір күні Стамбул ғылыми-зерттеу клиникасына жатқызыпты.

Одан анализ алынып, коронавирус инфекциясын жұқтырғанын анықтаған.

Қазіргі уақытта әжей үйінде 14 күндік карантинде жатыр.

Айта кетейік, Түркияның медицина қызметкерлері 107 жастағы әйел адамның қауіпті дертті тез жеңіп шыққанына таңғалған.

Дәрігерлердің айтуынша, оның иммундық жүйесі мықты.

Карадениз Малатье провинциясындағы Потюрге ауданында туған. Ол 8 жасында отбасымен бірге Стамбулға көшіп келген.

Әжейдің күйеуі 1982 жылы қайтыс болған. Карадениздің төрт баласы, 11 немересі және 15 шөбересі бар.

Кейуана күн сайын таңертең ерте тұрып, намаз оқиды. Ол тамақтануға аса мән беріп, таңғы асқа сары май, қаймақ, бал, сүт пайдаланады.

Әйелге ешқашан ота жасалмаған, оның есте сақтау қабілеті жақсы.

Еске сала кетсек, соңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 1654 адам тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851587-koronavirus-infekciasyn-107-zastagy-zej-zedi/

pixel