Қазақстанда коронавирус инфекциясынан жазылғандардың саны 382 болды

Опубликовано:

Коронавирус инфекциясынан жазылғандардың саны 382-ге жетті. Соңғы деректер бойынша, Ақмола облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 3 адам сауығып, ауруханадан шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қазақстан бойынша жазылғандар:

Нұр-Сұлтан қаласы – 172

Алматы қаласы – 84

Шымкент қаласы – 11

Ақмола облысы – 17

Ақтөбе облысы – 5

Алматы облысы – 8

Атырау облысы – 21

Жамбыл облысы – 6

Батыс Қазақстан облысы – 2

Қарағанды облысы – 5

Қызылорда облысы – 24

Маңғыстау облысы – 1

Павлодар облысы – 1

Солтүстік Қазақстан облысы – 18

Түркістан облысы – 7

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 1661-ге жетті.

Ал қауіпті дерттен 17 науқас қайтыс болған. Соңғы өлім жағдайы Алматы қаласында тіркелген.

Марқұм азамат жүрек-өкпе жеткіліксіздігі және кахексиясына (ағзаның тозуы) байланысты 8 сәуірден бастап Орталық қалалық клиникалық аурухананың провизорлық бөлімшесінде ем қабылдаған. Оның жағдайы ауыр болған.

Ал коронавирусқа алынған талдаулар оң нәтиже көрсеткен.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851598-kazakstanda-koronavirus-infekciasynan-zazylgandardy-sany-382-boldy/