Шымкентте қайтыс болған үш баланың өліміне қатысты тың дерек шықты
Опубликовано:
Шымкент қаласында үш баланың неден қайтыс болғаны анықталды. Белгілі болғандай, олардың үйінде қайғылы жағдайға дейін зиянды жәндіктерге қарсы улы химикатпен дезинфекция жүргізілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Айта кетейік, өткен жылдың 3 қарашасында төрт жастағы және бір жастағы балалар белгісіз заттан уланып, көз жұмған. Осыған ұқсас жағдай ағымдағы жылдың 13- ақпанында да тіркелді. Ол кезде Шымкент қаласында сегіз айлық нәресте қайтыс болды.
Басында балалар тұшпарадан уланып қалған болуы мүмкін деген болжам қаралған. Алайда талдау тамақта зиянды зат болмағанын көрсетті.
"Анықталғандай, қайғылы жағдайға дейін олардың үйінде зиянды жәндіктерге қарсы улы химикатпен дезинфекция жүргізілген. Күдікті анықталып, полицияға жеткізілді. Ол 42 жастағы ер адам. Ол ауыл шаруашылығы саласына арналған "Имидаклопридты" қолданған", - деді қалалық полиция департаменті.
Сот шешімімен күдікті екі айға уақытша ұстау абақтысына қамалған.
Қылмыстық кодекстің 304-бабы бойынша (санитарлық ережелер немесе гигиеналық нормативтердің бұзылуы) тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Ер адамның қылмысы дәлелденсе бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Еске сала кетсек, Шымкентте қаласында джип көлігінің жүргізушісі блокпостта тұрған полиция қызметкерін қағып кетті. Соның салдарынан кезекшілікте тұрған тәртіп сақшысы жарақат алды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851611-symkentte-kajtys-bolgan-s-balany-limine-katysty-ty-derek-sykty/