Қазақстанда лауазымды тұлғалардың карантиндегі әрекеті видеоға түсіп қалды
Опубликовано:
Көкшетауда жемқорлыққа қарсы агенттіктің қызметкерлері төтенше жағдай режиміне қарамастан, моншаға барған. Лауазымды тұлғалардың жуыну орнындағы әрекеті желіде тарап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Әлеуметтік желіде департамент қызметкерлерінің "біраз демалуымыз керек" деген видеолары тарап кетті.
Осыған байланысты Ақмола облыстық полиция департаменті пікір білдірген.
Ведомство мәліметінше, тәртіп сақшылары 18 cәуір күні сағат 22.30-да рейд жүргізген. Олар Көкшетау қаласындағы "Избушка" моншасында карантин режимін бұзғандарды анықтаған.
"Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін "Избушка" монша кешенінің 30 жастағы иесі мен моншада болған жемқорлыққа қарсы агенттіктің қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді облыстық полиция департаменті.
Осы орайда, ведомство карантин режимін сақтау облыстың барша тұрғындарына қатысты екенін атап өтті.
Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 1676-ға жетті.
Ал қауіпті дерттен 17 науқас қайтыс болды. Соңғы өлім жағдайы Алматы қаласында тіркелген.
Марқұм азамат жүрек-өкпе жеткіліксіздігі және кахексиясына (ағзаның тозуы) байланысты 8 сәуірден бастап Орталық қалалық клиникалық аурухананың провизорлық бөлімшесінде ем қабылдаған. Оның жағдайы ауыр болған.
Ал коронавирусқа алынған талдаулар оң нәтиже көрсеткен.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851631-kazakstanda-lauazymdy-tlgalardy-karantindegi-reketi-videoga-tsip-kaldy/