"Құмырсқа сияқты": Полициядан қашқан астаналықтар елді күлкіге қарық қылды
Опубликовано:
Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтандағы алаңдардың бірінде полициядан жаппай қашқан астаналықтардың видеосы тарады. Қалада балалар мен ересектер карантин ережелеріне қарамастан, сыртқа қыдыруға шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі жағдайды жоғарғы қабатта тұратын тұрғын түсірген. Оның терезесінен алаңда қыдырып жүрген бір топ адамды көруге болады. Видео кадрларынан карантин режимін 50-ге жуық адам ұстанбағаны байқалады.
Бейнежазбаның ең қызықты сәті аумаққа полиция қызметкерлері келгенде басталады. Тәртіп сақшылары дыбыстық ескертпемен алаңға бұрылғанда, үй тұрғындары жапа-тармағай қаша бастаған.
"Карантин? Жоқ, естімедік", "Құмырсқа сияқты", "Біз ғана үйде отырған сияқтымыз", "Бір жағынан қызық, бір жағынан қорқынышты", "Полиция жарайсыңдар. Балаларды, ата-аналар мен ата-әжелерді тұтқындамас үшін алдын ала ескертпе беріп жатыр", "Барлық алаңдарда осылай", "Бұлай болса, карантин жалғаса береді. Тек үйде отырып, балконға ғана шығыңыздар",- деді желі қолданушылары.
Айта кетейік, күні кеше ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды карантинді сақтауға шақырды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851666-kmyrska-siakty-policiadan-kaskan-astanalyktar-eldi-klkige-karyk-kyldy/