"Теңіз" жұмысшылары коронавирусқа байланысты наразылық білдірді (видео)

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде "Теңіздегі" тұрғын үй блогының маңында жиылған бір топ адамның видеосы тарады. Бейнероликте сынған әйнектердің дауысы мен айғай-шу естіледі. Аталған жағдайға байланысты ТШО баспасөз қызметі пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Теңіз" жұмысшылары коронавирусқа байланысты наразылық білдірді
Фото: Видеодан кадрлар: UGC

Ғаламтордағы видео кадрларында тұрғын үй блоктарының бірінің жанында вахта жұмысшылары жиналғаны байқалады. Олар өздерімен бірге басқа ауылдан келген қызметкерлердің жатқанына наразылық білдірген. Жұмысшылар коронавирустан үрейленіп отыр деп жазады "Ақ жайық".

Алайда, ТШО баспасөз қызметі желі қолданушыларын тыныштандыруға асықты. Ұйым ешқандай тәртіпсіздіктің және уайымдауға себеп жоқ екенін мәлімдеді.

Аталған тұрғын үй блоктарына таңертең үйіне жіберілетін қызметкерлері жатқызылған. Одан бөлек, барлық қызметкерлер жаңа коронавирустың бар-жоғына тест тапсырған.

Айта кетейік, әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 2,4 миллион адамға жақындады, қайтыс болғандар саны 164,4 мың адамға жетті. Ал Қазақстанда науқастар саны 1711.

"19 сәуір 23:10-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 35 адам тіркелді, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында - 1, Қызылорда облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында - 16, Алматы облысында - 3, Шымкент қаласында - 5, Түркістан облысында - 3, Алматы қаласында - 6", - делінген хабарламада.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851673-teiz-zmyssylary-koronaviruska-bajlanysty-narazylyk-bildirdi-video/