Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марғұлан Сейсембай "Алель Агро" басшылығының тұтқынға алынғанын хабарлады

Опубликовано:

Қазақстандық кәсіпкер және қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембай "Алель Агро" басшылығының қамауға алынғанын хабарлады. Оның айтуынша, бұл оқиға кеше түнде болған. Кәсіпкер өзін де ұстауы мүмкін екенін болжады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/seimargulan
Фото: facebook.com/seimargulan: Twitter

Бұл туралы қоғам белсендісі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Достар, менің ізіме түскенге ұқсайды. Соңғы бірнеше күн бойы Алель Агро қызметкерлерінің тыныштығы қашты. Кеше түнде Алель Агро басшылығын тұтқынға алды. Күні бойы банктерден құжаттарын алдыртып, үйлерінде тінту жүргізді.

Мүмкіндігімді пайдаланып, мен ешқандай да қылмыс жасамағанымды айтқым келеді.

Бір де бір бизнесте мен ешнәрсеге қол қойып, болмаса басшылық етпедім. Қазір олар Алель Агроға қатысты субсидиялар алу кезінде алаяқтық пен қаржы жымқыру бойынша қылмыстық іс қозғап отыр.

Алель Агро айып тағылатындай инвестициялық субсидиялар алған емес. Менің бұл субсидиялардың үлестірілуі, не алынуына ешқандай қатысым болмаған, қазір де еш қатысым жоқ. Сондықтан, бұл нағыз саяси іс, олар мені қамап тастамақшы немесе ауызымды жаптырғысы келіп отыр", - дейді кәспікер.

Еске сала кетейік, бұған дейін танымал журналист Арман Шораевтың 18 сәуір күні Қарағанды қаласында ұсталғаны хабарланған.

Бүгін қоғам белсендісінің қолхатпен босатылғаны белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851825-izime-tskenge-ksajdy-marglan-sejsembaj-zelide-zazba-kaldyrdy/

pixel