Елорда тұрғыны ұстау кезінде полиция қызметкеріне қарсылық көрсетті
Опубликовано:
Елорданың құқық қорғау органдары ұстау кезінде полицейге агрессивті физикалық қарсылық көрсеткен 27 жастағы қазақстандықты ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қала тұрғындарының бірі алкогольді сусын ішіп, шулаған көршілеріне шағымданып, полицияға хабарласты.
Нәтижесінде шақырту келіп түскен жерге полиция қызметкері мен әскери қызметшілермен келді. Шулаған бір топ ер адамдарды анықтады. Полицияның карантинді сақтау туралы заңды талаптарына олар ашумен жауап берді.
Полиция атап өткендей, олардың бірі ұстау кезінде қарсылық көрсеткен. Нәтижесінде ол уақытша тергеу изоляторына қамалды. ҚР ҚК 380-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, Мәскеуде әйел адамның карантинді бұзған ұлын полицияға ұстап бергені туралы хабарлаған едік.
Айта кетейік, бұған дейін отандық әнші Арман Қоңырбаев Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылғанын хабарлағанбыз.
Сонымен қатар, бұған дейін нан алуға маскасыз шығып, басы дауға қалған павлодарлық тұрғын туралы да жазған едік.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851872-elorda-trgyny-stau-kezinde-policia-kyzmetkerine-karsylyk-krsetti/