Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда карантин режимі мамырдың онына дейін созылды

Опубликовано:

Өзбекстанның коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі арнайы республикалық комиссиясы елдегі карантин режимін 10 мамырға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Өзбекстанда карантин режимі мамырдың онына дейін жалғасады
Фото: pixabay.com: UGC

Өзбекстан билігі елде COVID-19 инфекциясы таралуының алдын алу үшін сақтық шараларын дер кезінде қолға алғанын айтады.

Ресми ақпарат бойынша, "әлеуметтік ара қашықтық" принципі мен "өзін-өзі оқшаулау" режимі оң нәтижесін бере бастаған. Бұл шектеулерге сәйкес тұрғындарға тек үй жанындағы дүкен мен дәріханаға ғана баруға рұқсат етілген. Сосын жұмысқа қатынауға да болады. Көшеге себепсіз шығуға тыйым салынған және үкімет елдегі карантин мерзімін мамырдың онына дейін ұзартып отыр.

Қазіргі кезде көршілес елде пандемия салдарынан 1,5 млн өзбекстандық жұмыссыз қалған. Тағы 200 мыңға жуық жеке кәсіпкер жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Сол себепті карантин уақытында салық түсімдері үш есе азайып отыр.

"Жеке тұлғалардың мүлік және жер салықтарынан түскен пайда 3 есе азайды. Өйткені бұл міндетті төлемдерді төлеу мерзімі қазанның 15-не дейін шегерілген еді. Оған қоса 195 мың жеке кәсіпкер жұмысын тоқтатып отыр. Сондай-ақ белгіленген салық түсімдері 84 процентке қысқарғанын да айтып кету керек", – деді Өзбекстан мемлекеттік салық комитеті басқарма басшысының орынбасары Музаффар Назаров.

Сондай-ақ, министрлер кабинеті мемлекеттік мекемелерде шығындарды қысқартуға шешім шығарды. Атап айтқанда, бюджеттік ұйымдарға кеңсе тауарларын сатып алуға және ғимараттарда жөндеу жұмыстарын жүргізуге уақытша тыйым салынды.

Айта кетейік, бүгінде өзбек елінде коронавирус жұқтырудың 1627 дерегі тіркелген. Олардың 261-і жазылып шықса, 5 адам қайтыс болған.

Еске сала кетсек, Ақтауда COVID-19 инфекциясын жұқтырған екі адамның Өзбекстан азаматтары болып шыққаны хабарланған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851893-zbekstanda-karantin-rezimi-mamyrdy-onyna-dejin-sozyldy/