Карантин кезінде пітір садақаны қалай төлеуге болады
Опубликовано:
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы карантинге байланысты Рамазан айында берілетін пітір садақа мен зекетті қалай төлеуге болатынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен онлайн мәжілісте пітір садақа мен зекетті kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы аудару мәселесі талқыланды.
"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыны және банк басшылығы арасында жасалған келісімге сәйкес, бұл жоба қасиетті Рамазан айында жүзеге аспақ. Бүгінде ортақ жобаның қосымша жұмыстары қалды. Жұмыс толық аяқталған соң, жақын күндерде онлайн садақа беру жобасы іске қосылады. Бұл туралы қосымша хабарланады", - делінген хабарлама мәтінінде.
Мобильді қосымшаға облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы орталық мешіттердің есепшоты енгізілмек. Әр азамат өз өңіріндегі мешіттің есепшотына пітір садақасы мен зекетін үйден шықпай онлайн режимде аудара алады.
Діни басқарма шешімімен, биыл бір адам атынан берілетін пітір садақа мөлшері 370 теңге деп бекітілді.
"Өз қажеттілігін қоспағанда, мал-мүлкі, дүниесі күміс нисабына жеткен, яғни 127 мың теңгесі бар адам Рамазан айында өзі және жанұясы үшін пітір садақасын беруі – уәжіп (міндет). Пітір садақасы пенденің ораза кезінде жіберіп алған қате-кемшіліктерінің өтеуі үшін және көмекке мұқтаж жандарды материалдық қолдау мақсатында беріледі", - деп түсіндірді басқарма.
Еске сала кетсек, биыл қасиетті Рамазан айы 24 сәуірде басталады.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851904-karantin-kezinde-pitir-sadakany-kalaj-tleuge-bolady/