Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамин: Санитарлық қауіпсіздік қатаң сақталса, карантин режимі жеңілдетіледі

Опубликовано:

Елімізде эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин режиміне өзгерістер енгізу және біртіндеп жеңілдету туралы тиісті шешімдер қабылданады. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин үкімет отырысында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мамин: Санитарлық қауіпсіздік қатаң сақталса, карантин режимі жеңілдетіледі
Асқар Мамин. Фото: Ақорда: UGC
"20 сәуірден бастап, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантиндік режим жеңілдетілді. Санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, экономиканың бірқатар саласындағы кәсіпорындар жұмысын бастады. Соның ішінде құрылыс, өнеркәсіп және қызмет көрсету салаларындағы кәсіпорындар. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантиндік режимге өзгерістер енгізу және біртіндеп жеңілдету туралы тиісті шешім қабылданатын болады.
Басқа да кәсіпорындар мен бизнес субъектілеріне жұмысын жалғастыруға рұқсат берілетін болады. Мұндай жұмыс еліміздің басқа да өңірлерінде жүргізіледі. Дегенмен, бұл санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік қатаң сақталған жағдайда ғана мүмкін болады. Елжан Амантайұлы (ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов - ред.) мәселені қатаң бақылауда ұстаңыз", - деді премьер-министр үкіметтің онлайн отырысында.

Айта кетейік, 20 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бірқатар мекеме жұмысын бастады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851922-mamin-sanitarlyk-kauipsizdik-kata-saktalsa-karantin-rezimi-zeildetiledi/

pixel