11-і Шымкенттен: Коронавирус жұқтырған тағы 18 адам анықталды
Опубликовано:
Қазақстанда COVID-19 инфекциясы тағы 18 адамнан табылды. Осылайша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1967-ге жетіп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандағы коронавирус бойынша 21 сәуір 12:30-дағы эпидемиологиялық жағдай:
Вирус жұқтырған 18 адамның біреуі Алматы қаласында, 11-і Шымкент қаласында, екеуі Қарағанды, үшеуі Алматы, біреуі Түркістан облыстарында тіркелген.
Осы сағатта
Нұр-Сұлтан қаласы – 390
Алматы қаласы – 669
Шымкент қаласы – 103
Ақмола облысы – 82
Ақтөбе облысы – 27
Алматы облысы – 53
Атырау облысы – 80
Шығыс Қазақстан облысы – 11
Жамбыл облысы – 65
Батыс Қазақстан облысы – 68
Қарағанды облысы – 101
Қостанай облысы – 25
Қызылорда облысы – 151
Маңғыстау облысы – 13
Павлодар облысы – 33
Солтүстік Қазақстан облысы – 30
Түркістан облысы – 66. Барлығы 1967 адам. Олардың 452-і жазылып шықса, 19-ы қайтыс болды.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.
Бүгін премьер-министр Асқар Мамин үкімет отырысында эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантиндік режимге өзгерістер енгізу және біртіндеп жеңілдету туралы тиісті шешім қабылданатынын атап өтті.
Дегенмен бұл санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік қатаң сақталған жағдайда ғана мүмкін болмақ.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851959-11-i-symkentten-koronavirus-zktyrgan-tagy-18-adam-anyktaldy/