Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антисептик құрамындағы спирт оразаны бұза ма: Бас мүфти жауап берді

Опубликовано:

Антисептик құрамындағы спирт ауыз бекіткен адамның оразасын бұза ма? Еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте осы сұраққа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Антисептик оразаны бұза ма? Бас мүфти жауап берді
Фото: piqsels.com: UGC

Бас мүфтидің сөзінше, антисептик құрамындағы спирт оразаны бұзбайды.

"Қазір таңда біз төтенше жағдайдамыз. Ол жай жағдай емес. Сондықтан бұл кезеңде адам қорғану үшін денсаулығына зиян тигізбейтін, қайта денсаулығын қорғайтын дүниелерді шариғатымыз қолдайды", – дейді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Еске сала кетсек, биыл Рамазан айы 24 сәуірде басталып, 23 мамырға дейін созылады. Мамыр айының 19-нан 20-сына қараған түн – қасиетті Қадір түні.

Соған орай сайтымызда әр өңір бойынша Ораза кестесі шыққан болатын.

Еске сала кетейік, ҚМДБ төралқа мәжілісінің шешімімен биыл бір адам атынан берілетін пітір садақа мөлшері 370 теңге деп бекітілді.

Пітір садақаның құны ұнның республика бойынша есептегенде нарықтық орташа бағасымен шығарылған. Мүфтияттың хабарлауынша, материалдық жағдайы бар азаматтар пітір садақаны мейіз немесе құрма құнымен бергені абзал.

Қазір карантин кезінде пітірді онлайн аудару мәселесі де талқыланып жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851971-antiseptik-kramyndagy-spirt-orazany-bza-ma-bas-mfti-zauap-berdi/