Қарағандыда кісі қолынан мерт болған ер адамның денесі табылды (видео)

Опубликовано:

Қарағанды қаласының Михайловс секторының тұрғындары Западная көшесінің аулаларының бірінен кісі қолынан қаза тапқан адамның денесін тауып алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам пышақ жарақатынан қайтыс болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қарағандыда кісі қолынан қаза тапқан ер адамның денесі табылды (видео)
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Куәгерлер дереу полиция қызметкерлері мен дәрігерлерді шақырған. Алайда медицина қызметкерлері жәбірленушіге көмектесуге үлгермей қалды.

Олар оқиға орнына жеткен кезде ер адамның көз жұмғаны белгілі болды.

Болжам бойынша, ол пышақ жарақатының салдарынан көп қан жоғалтқан. Полиция жәбірленушінің тұлғасын анықтады. Ол 33 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Олар сонымен бірге қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтады. Тәртіп сақшылары оның үйіне барды.

Ұстау кезінде күдікті полицияға белсенді түрде қарсылық білдіріп, оларға өткір темір затты лақтырған. Алайда онымен күресу қиын болмапты. Күдікті полициядан жасырына алмаған.

Ол Михайловск полиция бөліміне жеткізілді және қазірдің өзінде тергеуге алынды.

"Күдікті - 42 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ол марқұммен таныс болған. Ер адам қылмыс жасағанын мойындады. Іс ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша тергелуде. Мәліметтер мен мән-жайлар нақтыланып жатыр", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысындағы колонияның бірін күзеткен сарбаз өзіне қол салғаны туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852234-karagandyda-kisi-kolynan-mert-bolgan-er-adamny-denesi-tabyldy-video/