Ерлер ме әлде әйелдер ме: Оқшаулаудың қиындықтарына кім төзімдірек келеді
Опубликовано:
Ресей ғылым академиясы биомедициналық мәселелер институтының бөлім меңгерушісі Александр Суворов ерлер мен әйелдердің қайсысы оқшаулаудың қиындықтарына төзімдірек келетінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Медицина ғылымдарының докторы қиындықтарға төтеп беруде ерлер мен әйелдердің айтарлықтай ерекшелігі жоқ екенін жеткізді.
"Менен ерлер мен әйелдердің қиындықтарға төзімділігінде айырмашылық бар ма деп сұрап жатады. Іс жүзінде ондай айырмашылық жоқ. Ол әр адамның жеке психологиялық ерекшелігіне байланысты болады", – дейді академик.
Александр Суворов оқшаулау бойынша ұзақ мерзімді "Сфинкс", "Марс-500" ғылыми тәжірибелерін ұйымдастырушылардың бірі болған.
Сондай-ақ, Айға ұшуды имитациялау бойынша SIRIUS тәжірибелер кешеніне қатысқан.
Айта кетейік, бұған дейін БҰҰ ерлерді жұбайларына үй шаруасында көмектесуге шақырған еді.
Себебі бүкіл әлемде коронавирусқа байланысты миллиондаған адам карантинде отырған кезде, нәзік жандылардың үйдегі шаруасы тіпті, еселене түскен.
Бұл күндері үй ішінде әйел адамдар ерлерге қарағанда үш есе артық жұмыс істеуде екен. Оның үстіне коронавируспен күресудің алдыңғы шебінде тұрған – тағы осы нәзік жандылар болса керек. Себебі денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет қызметкерлерінің 70 пайызын әйелдер құрайтын көрінеді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852274-erler-me-lde-jelder-me-oksaulaudy-kiyndyktaryna-kim-tzimdirek-keledi/