28-і Шымкенттен: Қазақстанда вирус жұқтырған тағы 65 науқас тіркелді
Опубликовано:
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 65 адам тіркелді. Осылайша Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастар саны 2135-ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы мәлімдеді.
"Қазақстандағы 2020 жылғы 22 сəуір сағат 22:50-дегі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы:
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 65 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қ. – 1, Алматы қ. – 18, Шымкент қ. – 28, Жамбыл облысында – 1, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Түркістан облысында – 2, Маңғыстау облысында – 2, Батыс Қазақстан облысында – 4, Қостанай облысында – 1, Қызылорда облысында – 6, Павлодар облысында – 1.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 2135 адам анықталды. Олардың ішінде:
Алматы қ. – 732,
Нұр-Сұлтан қ. – 404,
Қызылорда облысы – 157,
Шымкент қ. – 131,
Қарағанды облысы – 102,
Ақмола облысы – 83,
Атырау облысы – 82,
Жамбыл облысы – 77,
БҚО – 76,
Түркістан облысы – 69,
Алматы облысы – 62,
Павлодар облысы – 38,
Қостанай облысы – 35,
СҚО – 30,
Ақтөбе облысы – 27,
Маңғыстау облысы – 18,
ШҚО – 12.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылған.
Келесі аптада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі коронавирус жағдайына қатысты кезекті телевизиялық үндеуін жариялайды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852352-28-i-symkentten-kazakstanda-koronavirus-zktyrgan-tagy-65-naukas-tirkeldi/