RU

Шымкентте Төтенше жағдай кезінде жұмыс істеп келген дәмхана әшкере болды

Шымкентте карантин режимін елемей, кәсібін дөңгелетіп отырған кафе жайлы белгілі болды. Үлкен жолдың бойындағы "Сарыарқа" атты дәмхана аудандық сот пен полиция бөліміне қарама-қарсы орналасқан. Анықталғандай, тіпті, полиция қызметкерлері ол жерде түстеніп келген деп жазады KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Шымкентте ТЖ кезінде дәмхана жұмыс істеп келген
Фото: Видеодан кадр: UGC

Әлеуметтік желіде тараған видеоны жол жөкеней кетіп бара жатқан куәгерлер түсіріп алған. Кадрдан дәмхананың ішінде жалпы саны 10-нан аса азаматтың ас ішіп отырғанын көруге болады.

Арасында, тіпті, полицей де байқалған. Көбісінде маска да жоқ. Полиция бөліміне қарама-қарсы тұрған дәмхананың карантин тәртібін қашаннан бері бұзып келгені белгісіз.

Билік өкілдері, дәмхана иесі мен қызметкерлері айыппұл төлеп немесе бірнеше тәулікке қамалуы мүмкін дегенді алға тартты.

"Келемін дегенше, жаңа ішінде отырған адамдар кетіп қалыпты. Тек екі-үш адам қалған. Олар "алып кетуге келдім" (ред. тамақты) деп отыр. (...) Заңды бұзды. 476 баппен хаттама толтырылып, айыппұл салу-салмауды енді сот өзі шығарады. Біз өзіміздің міндетімізді атқардық", - дейді Абай ауданы әкімінің орынбасары Есімжан Заңқоев.

Дереккөз: КТК арнасы

Естеріңізге сала кетейік, 19 сәуірде Көкшетауда төтенше жағдай режиміне қарамастан, моншада демалып отырғандардың видеосы тарап кеткен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852374-symkentte-ttense-zagdaj-kezinde-dmhana-zmys-istep-kelgen/