Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Cауль Альварес Головкинмен үшінші кездесуіне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Мексикалық боксшы Сауль Альварес Azteca Deportes басылымына берген сұқбатында өзінің әйгілі қазақстандық қарсыласы Геннадий Головкинмен болуы мүмкін үшінші жекпе-жек қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: Instagram/canelo
Фото: Instagram/canelo: Instagram

Боксшыға БАҚ өкідерінің тарапынан: "Трилогия жасау үшін қыркүйек айында Геннадий Головкинмен кездесесіз бе?", деген сұрақ қойылған.

Алайда "Канело" өзінің қарсыластарына қатысы нақты ештеңе айта алмайтынын жеткізген.

"Шілдеде қандай да бір шешім жасауға болады деп үміттенемін", - деді мексикалық боксшы.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің бірінші кездесуі 2017 жылы өтті. Тартысты өткен жекпе-жек тең есеппен аяқталды. Алайда, бұл шешім спорт жанкүйерлері арасында үлкен дау тудырды.

Қос боксшының арасындағы екінші кездесуде судьялар жеңісті мексикалық спортшыға берді.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Эдди Хирн бокс жанкүйерлерінің көкейінде жүрген сауалға жауап беріп, GGG мен "Канело" арасындағы үшінші кездесудің қашан өтуі мүмкін екенін айтқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852427-caul-alvares-golovkinmen-sinsi-kezdesuine-katysty-pikir-bildirdi/

pixel