Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы қаласында тағы бір адам коронавирустан қайтыс болды

Опубликовано:

Қазақстанда COVID-19 инфекциясынан көз жұмған 20 науқас адам тіркелді. Кезекті қайғылы жағдай Алматы қаласында орын алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

coronavirus2020.kz-тің мәліметінше, коронавирустан көз жұмған науқас 1964 жылы дүниеге келген.

Жалпы елімізде бүгінгі күнге дейін COVID-19 инфекциясынан қайтыс болғандар саны 20 адамға жетіп отыр.

Өлім жағдайлары Нұр-Сұлтан (2), Алматы (6), Шымкент (3) қалалары мен Ақмола (4), Шығыс Қазақстан (1), Қарағанды (1), Қостанай (1), Павлодар (1) және Түркістан (1) облыстарында тіркелген.

Сонымен қатар Ресейде коронавирустан 1977 жылы дүниеге келген отандасымыз көз жұмды. Ер адам COVID-19 инфекциясынан бөлек, қант диабетімен ауырған.

Ал соңғы мәліметтерге сәйкес, жалпы еліміз бойынша қазір коронавирус жұқтырғандар саны 2191. Олардың 555-і жазылып шыққан.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылған.

Келесі аптада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі коронавирус жағдайына қатысты кезекті телевизиялық үндеуін жариялайды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852430-almaty-kalasynda-tagy-bir-adam-koronavirustan-kajtys-boldy/

pixel