Қазақстанда тағы 38 адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 38 оқиғасы тіркелді. Жаңа науқастар республиканың бірнеше өңірінде анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Қазақстандағы коронавирус бойынша 23 сәуір 22:40-тағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 12, Нұр-Сұлтан қаласында – 5, Жамбыл облысында – 10, Қызылорда облысында – 2 және Павлодар облысында – 8 жаңа науқас тіркеліп отыр.

Осылайша, Қазақстан бойынша коронавирусқа шалдыққандар саны 2289 адамға жетті.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 428 адам, Алматы қаласында – 756 адам, Қарағанды облысында - 103 адам, Ақмола облысында - 83 адам, Атырау облысында - 82 адам, Жамбыл облысында - 98 адам, Шымкент қаласында - 133 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 15 адам, Алматы облысында - 69 адам, Ақтөбе облысында - 55 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 30 адам, Павлодар облысында - 58 адам, Маңғыстау облысында - 19 адам, Қызылорда облысында - 161 адам, Батыс Қазақстан облысында - 86 адам, Түркістан облысында – 77 адам, Қостанай облысында – 36 адам инфекция жұқтырған.

Айта кетейік, соңғы деректерге сәйкес, елімізде қатерлі дерттен айыққандар саны 560 адамға жетіп отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852593-kazakstanda-tagy-38-adam-koronavirus-infekciasyn-zktyrdy/