Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда вирус жұқтырғандар үшін 15 күнде салынған аурухана ашылды (фото)

Опубликовано:

Алматыда коронавирус жұқтырғандарды емдеуге арналған модульді аурухана ашылды. Аумағы 5850 шаршы метрді құрайтын клиника құрылысына 15 күн ғана кеткен. Бүгін медициналық мекеме қала әкімдігінің иелігіне берілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда вирус жұқтырғандар үшін 15 күнде салынған аурухана ашылды (фото)
Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов: Getty Images

Австриялық технология бойынша тұрғызылған госпиталь Алматы индустриалды аумағында орналасқан. Құрылыс үшін мұнайшылардың вахталық қалашықтарын салатын арнайы модульдер пайдаланылды. Алматыдағы госпиталь үшін модульдер Атыраудан жеткізілді.

Алматыда вирус жұқтырғандар үшін 15 күнде салынған аурухана ашылды (фото)
Фото: NUR.KZ: UGC

Айта кету керек, бұл жерде медицина қызметкерлері үшін жұқтыру қаупін төмендетуге және оларды қорғауға көмектесетін ауаны желдетудің ерекше технологиясы қолданылады.

Алматыда вирус жұқтырғандар үшін 15 күнде салынған аурухана ашылды (фото)
Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов: UGC

Таза ауаның күшті ағынының арқасында "лас" аймақтың ауасы стерильді аймаққа кірмейді.

Алматыда вирус жұқтырғандар үшін 15 күнде салынған аурухана ашылды (фото)
Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов: UGC

Бұдан басқа, медицина қызметкерлері үшін "лас" және "таза" аймақтар арасында арнайы шлюз қарастырылған.

Алматыда вирус жұқтырғандар үшін 15 күнде салынған аурухана ашылды (фото)
Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов: UGC

Госпиталь 280 науқасқа арналған, ауруханада бір, екі және үш орынды 98 палата бар.

Палаталарда ең қажетті - кереуеттер, тамшылар үшін штатив және тамақ ішетін орын ғана бар.

Олардың әрқайсысында душ кабинасы мен жеке санитарлық торап бар. 10 бір орындық бокстар жалғыз жатқызуға емес, диагноз қою үшін уақытша оқшаулауға есептелген. Олардан сыртқа тікелей шығуға болады.

Алматыда вирус жұқтырғандар үшін 15 күнде салынған аурухана ашылды (фото)
Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов: Facebook

Сондай-ақ, госпиталь әрқайсысы 14 адамға арналған екі реанимациямен жабдықталған, ал қажет болған жағдайда орын санын ұлғайтуға болады. Жансақтау бөлімдері өкпені жасанды желдету аппараттарымен қамтамасыз етілген.

Алматыда вирус жұқтырғандар үшін 15 күнде салынған аурухана ашылды (фото)
Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов: Facebook

Аурухана алматылықтарға кем дегенде 10 жыл қызмет көрсете алады.

Сонымен қатар, ол жылыту және ауа баптау жүйесімен жабдықталған, бұл жылдың кез келген уақытында емделушілер үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді және жер сілкініс, өрт жағдайында қауіпсіз.

Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов: UGC

Жаңа аурухананың бас дәрігері Мағаз Мұқашев айтқандай, госпиталь штаты шамамен 200 медицина қызметкерді, оның ішінде 75 дәрігерді құрайды. Олардың арасында еріктілер де, аралас қызметкерлер да бар.

Алматыда вирус жұқтырғандар үшін 15 күнде салынған аурухана ашылды (фото)
Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов: UGC

Жұмыс ауысыммен құрылады, штат кестесіне сәйкес күндізгі және тәуліктік дәрігерлер болады. Барлық ақ халаттылар қонақүйде жатады, оларды автобус арқылы ауруханаға жеткізіп отырады.

Алматыда вирус жұқтырғандар үшін 15 күнде салынған аурухана ашылды (фото)
Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов: UGC

Диагнозы расталған науқастар клиникаға жақын күндері әкелінеді.

Алматыда вирус жұқтырғандар үшін 15 күнде салынған аурухана ашылды (фото)
Фото: NUR.KZ: Facebook

Айта кетейік, күні кеше астанада да коронавирус жұқтырғандарға арналған модульді инфекциялық аурухана ашылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852706-almatyda-virus-zktyrgandar-sin-15-knde-salyngan-auruhana-asyldy-foto/

pixel