RU

Алматыда есірткіні палаудың ішіне салып түрмеге өткізбек болған азамат ұсталды (фото)

Алматы қаласында түрмеге есірткіні палаудың ішіне салып өткізбек болған 24 жастағы жігіт ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Алматыда есірткіні палаудың ішіне салып түрмеге өткізбек болған адам ұсталды (фото)
Фото: polisia.kz: UGC

Жас жігіт СИ-18 мекемесіне "сәлемдемесін" беріп жатқан сәтте ұсталған.

Сот-химиялық сараптаманың қорытындысы бойынша тәркіленген заттың "гашиш" екені анықталған. Салмағы 67 грамм.

24 жастағы жігіт Алматы қаласының тұрғыны екені белгілі болды. Алматы қалалық ПД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысының айтуынша, қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

“Оған қатысты ҚР ӘҚбК-нің 296-бабы 2 бөлімі (есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларын сату мақсатынсыз заңсыз дайындау, өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Н. есімді жігіт уақытша ұстау изоляторында", – дейді Ерлан Алмағамбетов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтау халықаралық әуежайында ірі мөлшерде героин тасымалдамақ болды деген күдікпен үш қазақстандық азамат ұсталғанын хабарлаған едік.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде ұсталғандардың ішкі құрылысынан құны 50 миллион теңге болатын жалпы салмағы шамамен 1 келіні құрайтын 302 героин капсуласы табылып, алынған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852794-almatyda-esirtkini-palaudy-isine-salyp-trmege-tkizbek-bolgan-adam-staldy-foto/