2416-ға жетті: Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 40 адам тіркелді
Опубликовано:
Елімізде тағы 40 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 2416-ға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

"24 сәуір 23:00-дегі эпидемиологиялық жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында - 8 адамнан, Батыс Қазақстан облысында - 7 адамнан, Павлодар облысында - 10 адамнан, Атырау облысында - 4 адамнан, Қызылорда облысында - 3 адамнан, Шығыс Қазақстан облысында - 1 адамнан, Түркістан облысында - 4 адамнан, Шымкент қаласында - 2 адамнан, Алматы облысында - 1 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды", - делінген хабарламада.
Осы сағатта
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 446,
Алматы қаласында – 787,
Қарағанды облысында - 108,
Ақмола облысында - 88,
Атырау облысында - 88,
Жамбыл облысында - 101,
Шымкент қаласында - 141,
Шығыс Қазақстан облысында - 16,
Алматы облысында - 73,
Ақтөбе облысында - 55,
Солтүстік Қазақстан облысында - 30,
Павлодар облысында - 76,
Маңғыстау облысында - 20,
Қызылорда облысында - 164,
Батыс Қазақстан облысында - 100,
Түркістан облысында - 85,
Қостанай облысында - 38, барлығы 2416 адам тіркелді тіркелді. Оның 25-і қауіпті дерттен көз жұмды. Соңғы өлім жағдайы Маңғыстау облысында тіркелген.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852816-2416-ga-zetti-elimizde-koronavirus-zktyrgan-tagy-40-adam-tirkeldi/