Президенттің коронавирусқа қатысты мәлімдемесі түске дейін жарияланады

Опубликовано:

Президенттің коронавирусқа қатысты мәлімдемесі түске дейін жарияланады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Президенттің коронавирусқа қатысты мәлімдемесі түске дейін жарияланады
Фото: NUR.KZ: Original
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі коронавирус індетіне қатысты мәлімдемесі Akorda.kz сайтына түске дейін жарияланады", - деп жазды Берік Уәли.

Еске сала кетейік, бұған дейін президент Twitter парақшасында бүгін халыққа мәлімдеме жасап, карантин шараларының жаңа тәсілдері жайлы айтатынын жеткізген еді.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 2717-ге жеткен. Олардың 682-і ауруынан айықса, 25-і қайтыс болды.

Ал әлемдегі жағдайға келсек, дүние жүзінде коронавирус инфекциясы анықталғандар саны 2 992 501-ге дейін өскен, ал вирустан қайтыс болғандар 206 мыңнан асқан.

Өткен тәулікте әлем бойынша 6 мыңнан аса адам COVID-19 инфекциясынан көз жұмған. Ауру жұқтыру мен өлім-жітімнің ең көбі әдеттегідей АҚШ-та тіркеліп отыр. Онда 26-сынан 27 сәуірге дейін вирустан 2 мыңнан аса адам ажал құшқан.

Көршілес Ресей елінде де жағдай күрделене түсуде: Өткен тәулікте инфекция жұқтырудың 6,3 мыңнан аса жаңа дерегі тіркелген, 66 адам қайтыс болған – бұл пандемия басталғалы бері алғанда, рекордтық көрсеткіш.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853022-prezidentti-koronaviruska-katysty-mlimdemesi-tske-dejin-zarialanady/