RU

Атамбаевтың соты денсаулығына байланысты кейінге шегерілді

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев қазіргі уақытта сот процесіне қатыса алмайды. Сот отырысы тағы да кейінге шегерілді. Экс-мемлекет басшысының денсаулығына байланысты проблемалар бар деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: kremlin.ru
Фото: kremlin.ru: Depositphotos

Өткен жылдың тамыз айында орын алған Кой-Таштағы оқиғаға байланысты өтуі тиіс болған сот отырысы Атамбаевтың өзі де, кейбір оның адвокаттарының да келмеуіне орай кейінгі қалдырылды.

Қырғызстан социал-демократиялық партиясының өкілі Құндыз Жолдыбаеваның айтуынша, экс-президент денсаулығына байланысты сот процесіне қатыса алмаған, - деп жазады 24.kq.

Ол тиісті құжаттарды судьяға тапсырғанын мәлім етті.

Қырғызстанның бұрынғы президентінің адвокаты Сергей Слесарев оның клиенті қысымнан зардап шеккенін алға тартты.

Оның сөзінше, Атамбаев өзін жайсыз сезінеді, сол себепті оған медициналық тексеру қажет.

Қорғаушы одан бөлек, экс-басшы жатқан уақытша ұстау изоляторында тексеру жұмыстарын жүргізу мүмкін еместігін жеткізген.

Еске сала кетейік, осы жылдың қаңтар айында 14 қылмыстық іс бойынша айыпталып жатқан Алмазбек Атамбаевқа қатысты бұлтартпау шарасының мерзімі ұзартылғанын хабарлаған едік.

Кейінірек оның ұлы әкесінің денсаулығы сыр бергенін айтып, дабыл қаққан болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853122-atambaevty-soty-densaulygyna-bajlanysty-kejinge-segerildi/