Қызылордада коронавирустан екінші пациент жазылды
Опубликовано:
Бүгін, 14 сәуір күні Қызылорда облысында коронавирус инфекциясынан екінші пациент емделіп шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Пациенттің емі толық аяқталған соң екі рет қайталама зертхана талдамасы алынды. Сынама нәтижесі расталмауына орай, яғни науқастың “Covid-19” вирусынан айығуына байланысты емделуші үйіне шығарылады. Пациент – Қызылорда тұрғыны. Ол енді 14 күн бойы учаске дәрігерінің бақылауында болады.
ДДҰ мәліметтері бойынша, көптеген жағдайларда ауру жеңіл ағыммен сипатталады және асқынулар болса да, сауығу шығумен аяқталады. Мамандар өз денсаулығыңыз бен айналаңыздағылардың денсаулығын қорғауға көмектесетін бірнеше ережелерді сақтауға шақырады.
Қолыңызды үнемі жуып, құрамында спирт бар құралмен өңдеу, бұл сізге қолыңызды дезинфекциялауға және мүмкін болған вирусты өлтіруге көмектеседі.
Қоғамдық орындарда қашықтықты сақтаңыз. Өйткені, инфекция тасымалдаушы болуы мүмкін адам жөтелгенде немесе түшкіргенде айналасына вирустың аздаған тамшысын таратады.
Қолыңызбен мұрныңызды, көзіңізді және аузыңызды ұстамаңыз.
Респираторлық гигиена ережелерін сақтаңыз. Жөтел және түшкіргенде ауыз бен мұрынды майлықпен немесе шынтақты бүгіп жабыңыз.
Алайда, бүгінгі таңда ең басты денсаулық кепілі карантин режимін сақтау, өзін-өзі оқшаулау туралы ұсынымдарды сақтау болып табылады. Билік сондай-ақ мемлекеттік органдар мен БАҚ-ның ресми сайттарында жарияланатын ақпаратқа ғана сенуге шақырады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853165-kyzylordada-koronavirustan-ekinsi-pacient-zazyldy/