Қазақстанда қауіпті вирусты жеңіп шыққандар саны 720-ға жетті
Опубликовано:
Қазақстанда тағы 24 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Осылайша, отандық дәрігерлер бүгінге дейін барлығы 720 адамды қауіпті дерттен емдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы коронавирус жағдайы бойынша мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы мәлімдеді.
"Қазақстан Республикасында тағы 24 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
Қызылорда облысында – 4, Қарағанды облысында – 6, Түркістан облысында – 2, Атырау облысында – 12.
Елімізде барлығы 720 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетерлігі, соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда тағы 44 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 2835-ке жетті
Естеріңізге сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылғанын мәлімдеді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853176-kazakstanda-kauipti-virusty-zeip-sykkandar-sany-720-ga-zetti/