Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алтай Көлгінов – аудан әкімдеріне: Аумақты жаяу аралау керек

Опубликовано:

Елорда әкімдігінде Алтай Көлгіновтің басшылығымен қала мен аулаларды абаттандыру, санитарлық тазалау және жолдарды жөндеу мәселелері талқыланды деп жазады KAZ.NUR.KZ Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: astana.gov.kz
Фото: astana.gov.kz: Twitter

Қала басшысы аудан әкімдіктерінде жауапкершілікті бір-біріне сілтеу фактілері бар екенін айтты.

"Сіздер ауданға тиесілі аумақты жаяу аралап, тексермейсіздер. Аудандарыңызда қандай проблемалар бар екенін білмейсіздер", - деп атап өтті.

"Мемлекеттік комиссия бірқатар кәсіпорындардың жұмысын қайта бастауға рұқсат берді. Абаттандырумен айналысу керек. Қазір жалпықалалық сенбіліктердің маусымы, бірақ өкінішке орай, біз оларды өткізе алмаймыз. Қаланы жаяу аралаған кезде сіздің жұмыстарыңызға бірқатар ескертулер бар екені анық көрініп тұрады. Ауданға тиесілі территорияны жаяу аралау керек,сонда ғана аудандарда қандай проблемалар бар екенін көресіздер. Қарлы қыстан кейін тротуарларды, плиталарды, қоршауларды ретке келтіру керек. Қазір жол жөндеу жұмыстарына кірісіп кеттік. Жұмыстың сапасын бақылау қажет.
Шағымдардың көбі Алматы ауданына тиесілі. Аудан әкіміне қысқа мерзім ішінде барлық кемшіліктерді түзетуді тапсырамын. Барлық аудан әкімдері абаттандыру, көгалдандыру, инфрақұрылымды жөндеу мәселелерімен белсенді айналысуы тиіс. Тұрғындарға далаға шығуға рұқсат берілді. Олар серуендеген кезде скверлер мен аула алаңдарына барады, барлығы дайын болуы тиіс. Шаруашылықты мұқият күтіп ұстау керек!",- деді қала әкімі Алтай Көлгінов.
Фото: astana.gov.kz
Фото: astana.gov.kz: Twitter

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылады. Биыл елордада 50-ге жуық қоғамдық орын абаттандырылады. Оның ішінде саябақтар, скверлер және басқа да адам көп жиналатын орындар бар. 150 аула қамтылады.

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында елордада 15 мың жұмыс орны ашылады. Бірінші кезекте жұмыс іздеушілер жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыспен қамтылатын болады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853216-altaj-klginov---audan-kimderine-aumakty-zaau-aralau-kerek/

pixel