Астаналық тұрғындарға кешкі 8-ге дейін аулада серуендеуге рұқсат етілді

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары төтенше жағдай мен карантин кезінде астаналықтардың қандай жағдайда аулада серуендеуге рұқсат етілетінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Астаналық тұрғындарға кешкі 8-ге дейін аулада серуендеуге рұқсат етілді
Фото: NUR.KZ: Original

Бақтияр Мәкен карантин режимін жеңілдету тұрғындардың әдеттегі тіршілігіне қайта оралу екенін білдірмейтінін жеткізді. Бұрынғыша кей шектеулер өз күшін сақтап қалады.

Осылайша далада жүру уақыты сағат 6.00-ден 20.00-ге дейін шектелген. Соның өзінде тұрғындар өз үйінің ауласынан алыстамау қажет.

Серуен кезінде астаналықтар медициналық бетперде мен қолғап киіп жүруі тиіс, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты да жанынан тастамауы керек.

Әкім орынбасары көрсетілген уақыт аралығында топтасып жиналуға, яғни саны үш адамнан артық серуендеуге болмайды. Алайда бұл шектеу бір үйде тұратын отбасы мүшелеріне қатысты емес.

Одан бөлек, кәмелет жасқа толмаған қазақстандықтар тек ата-анасымен немесе жасы үлкен туыстарымен ғана далаға шыға алады.

Созылмалы аурумен ауыратын егде жастағы тұрғындар, зейнеткерлердің қажеттілік туындамаған жағдайда көшеге шығуына кеңес берілмейді.

Сондай-ақ тұрғындарға спортпен айналысып, сағат таңғы 6-дан бастап үй төңірегінде жүгіруге рұқсат етілді. Бақтияр Мәкен мұндай шектеулердің COVID-19 инфекциясын жұқтыру қаупін сейілту үшін жасалып отырғанын айтты.

Нұр-Сұлтан - Алматы рейсі ашылуына байланысты жолаушылар қандай ережені білуі тиіс екенін жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853323-astanalyk-trgyndarga-keski-8-ge-dejin-aulada-seruendeuge-rksat-etildi/