2982-ге жетті: Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 32 адам тіркелді
Опубликовано:
Елімізде тағы 32 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 2982-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

"28 сәуірдің 13:15 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Атырау облысында – 4 адамнан, Қарағанды облысында - 3 адамнан, Алматы қаласында - 16 адамнан, Павлодар облысында - 4 адамнан, Ақтөбе облысында – 4 адамнан, Қызылорда облысында – 1 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды", - делінген хабарламада.
Осы сағатта
Нұр-Сұлтан қаласы – 599
Алматы қаласы – 909
Шымкент қаласы – 176
Ақмола облысы – 94
Ақтөбе облысы – 61
Алматы облысы – 101
Атырау облысы – 128
Шығыс Қазақстан облысы – 16
Жамбыл облысы – 108
Батыс Қазақстан облысы – 126
Қарағанды облысы – 136
Қостанай облысы – 43
Қызылорда облысы – 183
Маңғыстау облысы – 31
Павлодар облысы – 120
Солтүстік Қазақстан облысы – 30
Түркістан облысы – 121, барлығы 2982 адам тіркелді. Оның 725-і қауіпті дертті жеңіп шыққан.
Естеріңізге сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылғанын мәлімдеді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853333-2982-ge-zetti-kazakstanda-koronavirus-zktyrgan-tagy-32-adam-tirkeldi/