Алматылықтар енді таңғы 5-тен кешкі 9-ға дейін аулада қыдыра алады

Опубликовано:

Алматылықтар енді таңғы бестен, кешкі тоғызға дейін аулада қыдыра алады. Бұл туралы оңтүстік астананың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Facebook
"Қаулы шығарарда біз қала тұрғындарының аулаға шығу шарттарын жан-жақты қарастырып, талқыладық. Басты мәселе олардың қай уақытта далаға шыға алатынында болды. Сол себепті, таңғы бес пен кешкі сағат тоғызға дейінгі аралықты таңдауды шештік. Енді бұл уақытта далаға шығуға болады.
Ойын-сауық алаңдарын, демалыс орындарын күнделікті тазалауды ұсынып, өз ережелерімізге енгіздік. Сонымен қатар, халықты хабарландыру тақтасы арқылы ақпараттандыру міндетті түрде жүзеге асады.
Басты мәселе - 14 жасқа дейінгі балалардың қасында ересек адам болу керек. Маска тағып, антисептиктерді алып жүруге кеңес береміз. Сонымен қатар егер бір үйдің адамдары болмаса, онда далада үш адамнан артық топ болып жиналмау қажет", - дейді Алматының бас санитар дәрігері.

Сондай-ақ, Бекшин даладан келген соң, міндетті түрде қолды жуып, дезинфекциялық заттармен өңдеу керектігін айтты. Ол балалар ойнап жүрген кезде, өзгелермен физикалық байланысқа түспеуін қадағалау қажет екенін де алға тартты.

Айта кетейік, бұған дейін сарапшылар Алматыдағы карантин шараларын маусым соңында жеңілдетуге кеңес берген болатын.

Сонымен қатар, алматылықтар енді қала аумағындағы ғана емес, облыста орналасқан саяжайларнына да бара алады. Ол үшін қажет құжаттар мен шарттар тізімі жарияланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853345-almatylyktar-endi-tagy-5-ten-keski-9-ga-dejin-aulada-kydyra-alady/