RU

Министрлік коронавирусқа қарсы вакцина қашан әзірленетінін айтты

Қазақстандық ғалымдарға коронавирусқа қарсы вакцинаны әзірлеп, тәжірибеден өткізу үшін үш жыл уақыт керек. Бұл туралы бүгін "Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және техниканы сараптау Ұлттық орталығының" басшысы Арнұр Нұртаев мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Коронавирусқа қарсы вакцина қашан әзірленеді: Министрлік жауап берді
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Нұртаев Facebook желісіндегі "Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды" дәстүрлі айдарына берген сұхбатында ғалымдар алдымен вирус генотипін анықтап, кейін оны зерттейтінін айтты.

Бұл деректер барлық зерттеушілер қосылған алуан түрлі халықаралық базалардан алынады.

Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің сөзінше, әзірлеу жұмыстары өздігінше оқшауланып жүргізілмейді, басқа да ғылыми институттармен бірге дайындалады. Қазіргі сағатта коронавирус инфекциясына қарсы екпе жасау бойынша зерттеулер басталған. Төрт вакцина үміткер ретінде алынған.

"Біздің вакцина күзге дейін дайын болуы мүмкін бе деген сауалға" Нұртаев бұның мүмкін еместігін жеткізді.

"Жоқ, Қазақстанда күзге дейін вакцина әзірленбейді. Біздің вакцина кем дегенде үш жылдан соң дайын болады", - деді ол.

Министрлік өкілінің сөзінше, Қытай, Еуропа және АҚШ компаниялары өз вакциналарын әзірлеп, клиникалық зерттеулер кезеңіне көшкен.

Осыған байланысты маман ол елдерде вакцинаның ашылуы жарты жыл мен бір жарым жыл арасында болуы мүмкін деп болжады.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3019-ға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853406-ministrlik-koronaviruska-karsy-vakcina-kasan-zirlenetinin-ajtty/