Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдік ғалымдар Қазақстандағы коронавирус эпидемиясы қашан аяқталатынын болжады

Опубликовано:

Сингапурдегі технология және дизайн университеті мен Массачусетс технологиялық институтының ғалымдары бірлесіп, коронавирус эпидемиясының әр мемлекетте қашан аяқталатынын болжады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлемдік ғалымдар Қазақстандағы коронавирус эпидемиясы қашан аяқталатынын болжады
Фото: pixabay.com: UGC

Ғалымдар тобы арнайы ресурс құрған, онда жұқпалы ауру таралуының аяқталуына қатысты болжамды күндерін көре аласыз.

Зерттеушілердің болжамдары модельдеуге негізделген, бұл үшін SIR математикалық моделі қолданылған. Айта кету керек, көрсеткіштер жаңа түскен ақпаратқа сәйкес өзгеріп отырады.

Ғалымдардың мәліметінше, сайтта берілген болжамдарды тек "білім беру және зерттеу үшін" деп қабылдау керек. Есептеулер дәл келмеуі мүмкін.

Бұл сайттан зерттеушілер құрастырған Қазақстандағы пандемияның аяқталу кестесін де табуға болады. Ғалымдардың болжамынша, елімізде коронавирус инфекцияның таралуының 100 пайыз аяқталуын 23 шілдеге таман күтуге болады. 2 маусымда аурулар саны 97 пайызға азаяды деген болжам бар.

Ғалымдар Қазақстандағы коронавирус эпидемиясы қашан аяқталатынын есептеп шығарды
Кесте: SUTD Data-Driven Innovation Lab: Depositphotos

Сайттағы қолжетімді графиктерге сәйкес, ғалымдар пандемия бүкіл әлем бойынша осы жылдың желтоқсан айына дейін аяқталады деп болжайды.

Айта кету керек, қазіргі есептеулер бойынша АҚШ-та пандемия қыркүйектің басында аяқталады, бірақ ауру қазан айына дейін жалғасатын елдер де жоқ емес көрінеді.

Еске сала кетсек, соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 3027-ге жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853475-lemdik-galymdar-kazakstandagy-koronavirus-epidemiasy-kasan-aaktalatynyn-bolzady/

pixel