Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда ер адам қызғаныштан әйелін аяусыз өлтірді деп күдіктелуде

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда ер адам әйелін өлтірді деген күдікке ілінді. 28 сәуір күні түстен кейін 38 жастағы келіншек жаралы күйде үйінің подъезінен табылған. Ол ауруханаға жеткізілгенімен, бір жарым сағаттан соң көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда ер адам қызғаныштан әйелін аяусыз өлтірді
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Полиция күдіктіні бірден қолға түсірген - ол марқұмның жұбайы болып шықты. Қазір ер адам тергеу изоляторында, оған қатысты іс "Кісі өлтіру" бабы бойынша жүргізілуде.

Полиция қылмыстың подъезде жасалғанын және онда куәгерлердің болмағанын атап өтті. Сондай-ақ, қылмысқа қызғаныш себеп болғаны да айтылды.

Сонымен қатар, ведомство күдікті мен марқұмның үш жыл некеде болғанын және осы жылдың қаңтар айынан бері бірге тұрмағанын хабарлады.

Айта кетейік, жантүршігерлік оқиғаның алдында, 27 сәуір күні әйел адам күйеуінің жанжал шығарғанын айтып, полицияға шағымданған. Содан кейін ер адам ұсталып, оған қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған.

Сонымен қатар, қорғау жайлы ұйғарым шығарылып, шу шығарған ер азаматпен әңгіме жүргізіліп, ол үйіне жіберілген. Келесі күні, 28 сәуірде, әкімшілік іс сотқа жолдануы керек еді, алайда таңертең жәбірленуші учаскелік полиция қызметкеріне қоңырау шалып, татуласқандарын хабарлаған.

Ал бірнеше сағаттан кейін жантүршігерлік оқиға болған. Марқұмның артында бірінші некесінен 9 жасар екі баласы мен күдікті екеуінің екі жасар баласы қалды.

Қазір балалар қайтыс болған келіншектің әпкесімен бірге тұрып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін БҚО-да ер адамның әйелі мен екі қызын тірідей өртеп жібергенін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853535-nr-sltanda-er-adam-kyzganystan-jelin-aausyz-ltirdi-dep-kdiktelude/

pixel