Карантин бәсеңдеді: Алматы облысында қандай мекемелер жұмыс істейді
Опубликовано:
Алматы облысында карантинге байланысты қойылған бірқатар шектеулер алынды. Тиісті қаулыға облыстың бас дәрігері қол қойды. Енді өңірде қандай мекемелердің жұмыс істей бастайтынын KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Өңірде карантин шарасы жеңілдетілгеннен кейін барлық медициналық ұйымдар, соның ішінде стоматология, сондай-ақ ветеринарлық қызметтер, зертханалар, дәріханалар өз жұмысын жандандырмақ.
Бұдан өзге қазір аймақта азық-түлік дүкендері мен супермаркеттер, соның ішінде сауда орталықтары мен тұрғын үйлерде орналасқан дүкендер ашылмақ.
Тұрғындар енді бақша мен саяжайға қажет нәрсені, құрылыс материалдары мен тұрмыстық химия заттарын да сатып алу үшін арнайы дүкендерге бара алады.
Сондай-ақ, коммуналдық қызметтер, мемлекеттік органдар, инфрақұрылымдық, өнеркәсіптік және өндірістік кәсіпорындар, байланыс және телекоммуникация нысандары жұмыс істейді.
"Азаматтарға арналған үкімет" байланыс орталықтары өз қызметін қайта бастайды. техникалық қызмет көрсету станциялары, жанармай құю стансалары, көлік жуу, зират, жерлеу қызметтері, пошта бөлімшелері ашылады.
Бұл ұйымдардың барлығына жұмысшылар мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қатаң сақтау тапсырылған.
Қазіргі уақытта Алматы облысында коронавирус инфекциясының 113 жағдайы тіркелген оның ішінде 10 адам ауруынан айыққан.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде Төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853573-karantin-bsededi-almaty-oblysynda-kandaj-mekemeler-zmys-istejdi/