RU

Қазақстандық ару Түркияда жардан құлап, мерт болды

Түркияда 31 жастағы қазақстандық әйел қайтыс болды. Қаралы хабарды оның досы әлеуметтік желілерде хабарлады. Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігі де растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық ару Түркияда жардан құлады
Фото: instagram.com/olyaikravchuk: UGC

Олеся Суспицина Қостанай қаласының тумасы, соңғы жылдары Түркияда тұрып келген. Қазіргі уақытта әйелдің туыстары мен достары мәйітті отанына жеткізу үшін қаражат жинап жатыр.

Қазақстандық сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қайғылы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Біз туысқандарымен байланыстамыз. Денені отанына тасымалдауға әрекет етіп жатырмыз. Аптаның соңына дейін мәйіт Алматыға жетеді", - деп хабарлады Смадияров.

Олесяның құрбысы Ольга Tengrinews.kz-ке хабарлағандай, ару ұлттық саябақта сүрініп, жартастан құлаған.

Оның сөзінше, Олеся Түркиядағы соңғы бірнеше жылда гид болып қызмет еткен. Көшіп келмес бұрын ол полиция тергеушісі қызметін атқарды.

Ольга құрбысын жарқын және көңілді адам ретінде еске алды. Олесяның жақындары оның денесін Алматыдан Қостанайға жеткізу үшін қаражат жинауда.

Айта кету керек, осы жылдың қаңтарында қазақстандық журналист Жасұлан Кожековтің Түркияда өлі күйінде табылғандығы туралы хабарланған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853620-kazakstandyk-aru-trkiada-zardan-klap-mert-boldy/