RU

Нұр-Сұлтанда төрт жасар қызды анасының ғашығы аяусыз ұрып тастаған

Нұр-Сұлтанда 4 жасар қыз соққыға жығылды. Балақайдың анасы бұл адам сенгісіз қадамға оның бұрынғы ғашығы барғанын сөз етті. Жәбірленушінің айтуынша, өзі жоқта ер адам оның қызын аяусыз сабаған хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтанда 4 жасар қыз аяусыз соққыға жығылды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Астаналық тұрғын қоғам назарын аудару үшін басынан өткен жағдайын баяндап беруге шешім қабылдады. Әйелдің айтуынша, ол өзінің қызымен бірге бұрынғы сүйіктісінен қысым көрген..

Бұл туралы жәбірленуші "Еуразия" арнасының тілшілеріне хабарлады.

Нұр-Сұлтан тұрғыны бұған дейін күреспен айналысқан 46 жастағы ер адаммен кездескенін алға тартты. Алайда ол бұрынғы ғашығының төрт жасар қызына күш көрсететінін тіпті, ойламаған.

Балақайдың сөзінше, "Әмір ағасы оны тіл алмағаны үшін ұрып-соққан". Ал анасына қызды баспалдақтан құлап түсті деген. Келіншек жұмыстан үйіне келген кезде қансыраған қызын көріпті.

Әйел 46 жастағы ер адаммен алты айға жуық кездесіп жүріпті. Ал қызымен тек бір ай бұрын таныстырған.

Күдікті жәбірленушіге онымен шынайы қарым-қатынас құрғысы келетінін айтып, сендірген. Ал әйел өз кезегінде ер адамның сөзіне алданып қалыпты.

Оқиғадан кейін бүлдіршін анасының ғашығы өзін тек қолмен емес, таяқпен де ұрғанын айтқан.

Елордалық келіншек полициядан көмек сұрапты. Алайда тәртіп сақшылары оған сенбей, қызын оның өзі ұрып-соққанын алға тартқан.

Бірақ балақайдың сөзінше, ер адам оған бұрында да жылы шыраймен қарамаған. Ол бүлдіршінді үнемі бұрышқа тұрғызып қоятын.

Ал анасының айтуынша, күдікті тіпті, қызды балалар үйіне тапсыруды сұрапты. Келіншек бұл ұсынысты қабылдамаған кезде ер адам оны бопсалауды бастаған.

Елордалық әйелдің сөзінше, бұрынғы ғашығы оған барлық жерде танысы барын, сол себепті түрмеге келіншектің өзі отыруы мүмкін екенін айтыпты. ПД ЖПҚ басқармасының басшысы Ғосман Жакин күдіктінің ұсталғанын мәлім етті.

Оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Егер сотқа дейінгі іс жүргізу барысында ер адам кінәлі деп танылса, онда ол 7 жылға бас бостандығынан айырылады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Талдықорғанда өгей әкесі аяусыз ұрған 8 жасар баланың жансақтау бөліміне түскені белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853757-nr-sltanda-trt-zasar-kyzdy-anasyny-gasygy-aausyz-ryp-tastagan/