RU

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады

Қазақстанда мамырдың бірінші жартысында үш маңызды мереке тойланады. Қазіргі уақытта елде төтенше жағдай режимі жұмыс істеп жатқанына және кейбір азаматтардың демалыста жүргеніне қарамастан, жұмыс істейтін қазақстандықтар мереке күндері қосымша демала алады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Электрондық үкімет сайтында қазақстандықтардың дәстүрлі түрде мамыр айында үш маңызды мерекені - Қазақстан халқының бірлігі күнін, Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін атап өтетіні жазылған.

Биыл 1 мамыр жұма күніне түседі, демек, жұмыс аптасы 5 күнге созылатын ел тұрғындары 2 және 3 мамырда да демалады.

7 мамыр бейсенбіге түсіп тұр, ал 9 мамыр - сенбіге тура келеді. Елдің заңнамасына сәйкес, егер мереке демалыс (сенбі немесе жексенбі) күндеріне сәйкес келсе, онда демалыс бір күнге ұзартылады.

Алайда, 9 мамыр сенбі болғандықтан, Жеңіс күні мерекесі биыл 8 мамырға ауыстырылды, соған байланысты Қазақстан тұрғындары 7, 8, 9 және 10 мамырда демалады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы жарлыққа қол қойғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853766-kazakstandyktar-mamyr-ajynda-kansa-kn-demalady/