Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында командир мен орынбасары миллион теңге пара алды деп күдіктелуде (видео)

Опубликовано:

Алматы облысында әскери бөлім командирі мен оның орынбасары миллион теңге пара алды деп күдіктелуде. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әскер командирі миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды (видео)
Видеодағы кадрлар: UGC

Ведомствоның мәліметінше, миллион теңге пара алды деп Қорғаныс министрлігі ДШБ әскери бөлімінің командирі мен тыл бойынша орынбасары күдіктелуде.

Божам бойынша олар параны жергілікті бизнесменнен қамқорлық жасағаны үшін алған көрінеді, себебі кәсіпкер сол бөлімді азық-түлікпен қамтамасыз етумен айналысады.

Бұл істі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірігіп жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әскерге шақыру жөніндегі инспектордан алаяқтық жасады деп күдіктенуде.

Болжам бойынша, ол әскер қатарына шақырылғандарға шақыру уақытын шегеріп беремін деп алдап, ақша алып отырған көрінеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл істің қылмыстық құқықбұзушылық болып табылатынын және елдегі ТЖ режимі кезінде жасалғандықтан, жазасы ауырлайтынын қоса кетті.

Сонымен қатар ведомство Шығыс Қазақстан облысындағы ауылда 85 миллион теңгенің қолды болғанын, сот жергілікті есепшіні бас бостандығынан айыруға үкім шығарғанын хабарлады.

Еске сала кетсек, бұған дейін әскери институт есепшісінің 28 млн теңгеге жуық қаржы жымқырғаны әшкереленген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853807-almaty-oblysynda-komandir-men-orynbasary-million-tege-para-aldy-dep-kdiktelude-video/

pixel