Ақмола облысында жасы жүзге келген әжей коронавирусты жеңіп шықты (видео)
Жарияланған күні:
Отандық танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт Ақмола облысында жасы жүзге келген әжейдің коронавирусты жеңіп, ауруханадан шыққан сәтімен бөлісті. COVID-19 инфекциясын еңсерген қарияның видеосы ел жүрегін елжіретіп, көпшіліктің ыстық ықыласына ие болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Белгілі болғандай, 27-28 сәуірде Ақмола облысында коронавирустан айыққан 27 науқас ауруханадан шыққан. Олар Аршалын аудандық ауруханасының инфекциялық бөліміне 10-сәуір күні келіп түскен. 25 адам қауіпті індет бойынша қанағаттанарлық жағдайда болған. Алайда, оларда жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйесінде патологиясы бар екені анықталды.
Олардың көбісі - бірінші және екінші топтағы егде жастағы мүгедектер. Арасындағы тоғыз науқас өздігінен тұра алмайтын болғандықтан, арнайы күтімді қажет етеді.
Айта кетейік, өңірде инфекцияны жеңіп шыққан адамдардың ішінде жасы ең үлкені - жүз жасқа келген әжей болып шықты. 1920 жылы туған Полина Алексеевна бесінші мамыр күні жүзге толады.
Дана Нұржігіт Instagram парақшасында жариялаған бейнежазбадан арбаға танылған қариялардың ауруханадан шыққан сәтін көруге болады. Егде жастағы науқастардың денсаулығы үшін күрескен дәрігерлер оларды қол шапалақтап, үйлеріне шығарып салды.
Медицина қызметкерлері мен қариялардың әсерлі видеосы желі қолданушыларының жүрегін елжіреткен. Олар бейнежазбаның астына өзінің жылы лебіздерін білдіріп, коронавирспен күресіп жүрген ақ халаттыларға алғысын жаудырды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853814-akmola-oblysynda-zasy-zzge-kelgen-zej-koronavirusty-zeip-sykty-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.