RU

Оңтүстік Кореяда жойқын өрт болды: Қаза тапқандар арасында қазақстандықтар бар

Еліміздің сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласындағы өрт салдарынан екі қазақстандықтың қайтыс болғанын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан фото: Seung-il Ryu/NurPhoto via Getty Images
Оқиға орнынан фото: Seung-il Ryu/NurPhoto via Getty Images: UGC

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, тілсіз жау 29 сәуір күні болған. Өрт логистикалық қойманың құрылыс алаңын қамтыған.

Төтенше жағдай салдарынан барлығы 38 адам қайтыс болып, 10 адам әртүрлі жарақат алған.

Оқиға орнынан фото: Seung-il Ryu/NurPhoto via Getty Images
Оқиға орнынан фото: Seung-il Ryu/NurPhoto via Getty Images: UGC

Қазіргі уақытта құтқарушылар іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Оңтүстік Корея билігінің хабарлауынша, қайтыс болғандардың 29-ның аты-жөні анықталған.

Олардың екеуі Қазақстан азаматы екені белгілі болды.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтуынша, Қазақстанның Сеулдегі дипломаттары жергілікті билікпен байланысып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген Әли есімді отандасымыздың өрт шыққан тұрғын үйден он шақты адамды құтқарып қалғанын хабарлаған едік.

Осыдан кейін Корея тарапы Әлидің ерлігін ескерусіз қалдырмай оған арнайы виза беру туралы шешім қабылдаған.

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың хабарлауынша, Әлиге Оңтүстік Кореяда алдағы уақытта тұрақты тұратындай мәртебе беру мәселесі де талқыланбақ.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853832-otstik-koreada-zojkyn-rt-boldy-kaza-tapkandar-arasynda-kazakstandyktar-bar/