Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаркент қаласы карантинге жабылады

Опубликовано:

Алматы облысында орналасқан Жаркент қаласы 30 сәуір күні сағат 00.00-ден бастап карантинге жабылады. Бұған себеп қалада бір адамнан коронавирустың анықталуы деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы облыстық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos
"Кеше Алматы облысы Жаркент қаласында COVID-19 инфекциясының 1 жағдайы тіркелді. Эпидемиологиялық тексеру барысында 1989 жылы туған азаматтан КВИ анықталған. Осыған байланысты Панфилов аудандық бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен Жаркент қаласы 30 сәуір сағат 00.00-ден бастап карантинге жабылады", - деп хабардар етті Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ал пациент Шелек ауылындағы аудандық ауруханасына жатқызылған. Оның 15 адаммен қарым-қатынаста болғаны анықталды.

Олардың барлығы Панфилов аудандық ауруханасының провизорлық бөліміне карантинге алынды. Эпидемиологиялық тексерулер жалғасып жатыр.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 3273-ке жетті. Олардың 135-і Алматы облысында тіркелген.

Естеріңізге сала кетсек, әлемді жаулаған коронавирус пандемиясына байланысты елімізде 15 наурызда жарияланған Төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853842-zarkent-kalasy-karantinge-zabylady/

pixel