Коронавирус инфекциясына қарсы тесттің бағасы қанша теңге тұрады
Опубликовано:
Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус инфекциясына қарсы тестің бағасы қанша теңге екенін мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Қисықова онлайн брифинг барысында ақылы тестер бар екенін айтты.
" "Иә, ақылы тестер бар. Оны әуе қатынасын пайдаланатын азаматтар міндетті түрде тапсырады. Оның бағасы әртүрлі. Бірнеше зертхана бар. Олар бағаны өздері қояды. Құны 11 000 мен 20 000 теңгенің арасында", - деді Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Оның сөзінше, коронавирус инфекциясымен күрес шараларына қатысып жатқан мамандар тесті тегін тапсырады.
Қисықова оларға медицина қызметкерлері, құқық қорғаушылар мен блок-бекеттерде жұмыс істейтін мамандар жататынын жеткізді.
Сонымен қатар науқастармен жақын қарым-қатынаста болған азаматтарда тегін тестілеуден өтетіні белгілі болды.
Естеріңізге сала кетейік, 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы рейстер ашылады.
Cоңғы мәліметтер бойынша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 3273-ке жетті. Оның 858-і вирусты жеңген.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853863-koronavirus-infekciasyna-karsy-testti-bagasy-kansa-tege-trady/