RU

Қызылордада достарына ауызашар берген тұрғын айыппұл арқалады

Қызылордада төтенше жағдай кезінде ауызашар ұйымдастарған тұрғындар жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Дереккөздің хабарлауынша, 26 сәуір күні Қызылорда қаласының тұрғыны үйінде ауызашар беріп, шаһардың әр түпкірінде тұратын достарын шақырған.

Олар кешкі астан кейін кездесуді моншада жалғастырған.

"Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 476-бабына сәйкес (төтенше жағдай режимiн бұзу) бес азаматқа қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды. Сот шешімімен тәртіп бұзушыларға айыппұл салынды", - делінген полиция хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін үйлерінде ауызашар берген екі шымкенттік азаматтың жауапкершілікке тартылғанын хабарлаған едік.

Олар төтенше жағдай ережесін бұзғаны үшін, қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен үш күнге тәулікке қамауға алынған.

Естеріңізге сала кетейік, әлемді жаулаған коронавирус пандемиясына байланысты елімізде 11 мамырға дейін Төтенше жағдай режимі жарияланған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853868-kyzylordada-dostaryna-auyzasar-bergen-trgynga-ajyppl-arkalady/